Біз туралы 

1 Біздің жобамыздың тарихы 2011 жылы басталды — сол кезден бастап бүгінгі күнге дейін біздің компания Қазақстан аумағында ASUS компаниясының алғашқы және жалғыз сервистік провайдері болып табылады. Біздің негізгі міндетіміз — ел бойынша осы брендтің өнімдеріне сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

2013 жылдың шілдесінде қызмет аясын кеңейтіп, ASUS Фирмандық сервистік орталығы мен дүкенін аштық.

Біздің сервистік орталық — ASUS (АСУС) компаниясының өнімдерін толық қолдау көрсететін ресми авторизацияланған премиум-класты сервистік орталық. Фирмандық сервистік орталықтың ерекшелігі — біздің нарықта ұсынылған ASUS өнімдерінің барлығын жөндеуге бағытталғандығы және орындалатын жұмыстарға ерекше сапа бақылауы жүргізілуі. Сонымен қатар, фирмандық сервистік орталықта клиенттерге қосымша қызметтер қолжетімді: өндірушіден қосымша кепілдік, жабдықтың техникалық сипаттамаларын арттыру (апгрейд), ескі техниканы сатып алу және т.б.

DSC_0002123 Сервистік орталық командасы үлкен тәжірибесі бар сертификатталған инженерлерден құралған. Бізде түпнұсқа запас бөлшектерінің өзіндік қоймасы бар.

Техника иелеріне сервистік қызмет көрсету сапасы — ASUS компаниясының бүкіл әлем бойынша жұмыс істеудегі басым бағыттарының бірі. Сондықтан біз клиенттерге тек жөндеу жұмыстары бойынша ғана емес, сонымен қатар техниканы пайдалану мәселелері және оны оңтайлы таңдау бойынша да барынша көмек көрсетуге тырысамыз.

Фирмандық сервистік орталыққа барған кезде клиенттер бір алаңда сервиспен қатар жұмыс істейтін фирмандық интернет-дүкенде ұсынылған ASUS өнімдерінің кең линейкасымен де таныса алады.